16.03.2022, 16:50
Оқылды: 49

Президент мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру туралы жарлыққа қол қояды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру туралы жарлыққа қол қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210624165344467a3804849i

«Жүйелі деңгейде ел дамуын тежеп отырған шектен тыс бюрокартияны жою керек. Оның ауқым алғаны сонша, көптеген мемлекеттік құрылымдар мұны өз өмірінің мәні деп санайтын болған. Жақын арада мен Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиясыздандыру туралы жарлыққа қол қоямын. Ол мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қараудың, норма шығару процесі мен бюджет процесін оңтайландырудың бастапқы нүктесі болады», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік аппаратты шешім қабылдаудың баяу стилі мен шенеунік формализмінен арылуға шақырды.

«Құбылмалы жағдайда мемлекеттік аппарат ахуалға қарай жедел әрі үйлесімді әрекет ету керек. Шешім қабылдаудың баяу стилі мен шенеунік формализміне бұл жерде жол беруге болмайды. Қазір толығымен жұмылу керек. Шешімдер бизнес пен азаматтардың шынайы сұраныстары негізінде жылдам қабылдануы қажет. Әрі кетсе, қайталап айтамын, ары кетсе 3 күн ішінде, әйтпесе, тәулік ішінде қабылдануы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале