27.03.2020, 10:15
Оқылды: 84

Президент Роза Рымбаеваға онлайн-концерті үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев эстрада әншісі Роза Рымбаеваға онлайн-концерт үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

E794E568-4CCC-42E0-8194-E27EBD23A161

«Жезтаңдай әнші, Еңбек Ері Роза Рымбаеваның онлайн концерті – халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы. Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние. Розаға және барша мәдениет қайраткерлеріне халықпен бірге болып, шығармашылығымен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын. #Birgemiz», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елдегі төтенше жағдай кезеңінде бірнеше онлайн-жобаны жүзеге асыруда. Олардың арасында өнер сүйер қауымға арналған «Карантиндегі жұлдыз» жобасы бар. Күнде кешке YouTube-арнасының тікелей эфирінде танымал қазақстандық жұлдыздардың концерті өтеді. Өздерінің онлайн-концерттерін бұған дейін Жұбаныш Жексенұлы, Жеңіс Сейдоллаұлы, Ғаділбек Жанай берген болатын. 26 наурыз күні кешке қазақстандықтарды өз әндерімен Роза Рымбаева қуантты.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале