22.07.2020, 14:37
Оқылды: 72

Президент табиғатқа зиянын тигізгендерге салынатын айыппұлды ұлғайтуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатқа зиянын тигізгендерге айыппұл құнын ұлғайтуды тапсырды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

E5B707FE-25D7-4CE1-87E5-4FD28D853CCE

«Бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Тек бізідң бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлы қарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Министр қазақстандықтарға осындай ұран тастау керектігін жеткізді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале