16.03.2022, 21:37
Оқылды: 93

Президент Жолдауында елдегі жағдай ашық айтылды

Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында елдегі жағдайды өте ашық, айқын атап көрсетті. Яғни ол мемлекетіміздегі қалыптасқан ахуалды шынайы көріп, біліп отыр. Әрине, бұл өте маңызды. Елімізде мәселелер бар екені рас. Енді олардың түйінін тарқату керек.

сергей быков

Алайда мәселені халыққа жария түрде шешкен жөн. Президенттің өзі еліміздің өткені мен бүгінгі ахуалына қарап, қақтығыстармен ештеңе шешілмейтінін айтты. Сондықтан мемлекет басшысы айтып өткендей, барлық мәселе жария түрде, келісіммен, әділ шешілуі қажет. Әсіресе әркімнің ой-пікіріне құрмет көрсетілуі керек. Президент сөзінде саяси тайыздықпен күресу мен мәдениетті қарым-қатынас мемлекет пен тұрғындар арасында өте маңызды екенін атап өтті. Біздің қазіргі міндетіміз – Жолдауда айтылған мақсат-міндеттердің маңызын түсіну, ұғыну. Жолдау терең ойға жетелейді. Бірақ Мемлекет басшысы ұзақ ойланбай, ел игілігі жолында  не істеу керектігін тез арада нақтылауды, тиісті жұмысқа кірісуді тапсырды. Маған дәл осы айтқандары  ұнады. Себебі Қазақстан секілді елге әрекет ету өте маңызды. Біз елдегі бейбіт өмірге, татулық пен тұрақтылыққа, қауіпсіздікке әбден сіңіп, босаңсып кеткендейміз. Сондықтан қазіргі ақиқат айқын, заманауи даму жағдайында жұдырықтай жұмылып, серпілуіміз керек. Еліміздің жаңа даму үрдісіне  қадам басуы үшін нақты іс-қимылға көшкеніміз жөн.

Сергей Быков,

Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының әдіскері, орыс мәдениеті орталығының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале