Премьер-министр Олжас Бектенов егіс науқанын сапалы өткізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін баса айтты, - деп жазады primeminister.kz.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында аграрлық саланы дамыту мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Ол үшін көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Отырыста Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктері, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары әкімдіктерінің, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің жұмысы қаралады.