Жас термешілер додаға түсті
24 Мамыр 2022

Жас термешілер додаға түсті

Ақынға арналған кеудемүсін орнатты
24 Мамыр 2022

Ақынға арналған кеудемүсін орнатты

Газет пе, гаджет пе?
24 Мамыр 2022

Газет пе, гаджет пе?

Бостандықта Сарыөзен жағажайы ашылды
24 Мамыр 2022

Бостандықта Сарыөзен жағажайы ашылды

Классикалық әуен кешіне қош келесіздер!
24 Мамыр 2022

Классикалық әуен кешіне қош келесіздер!

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады
24 Мамыр 2022

Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады

Президенттің қолынан марапат алған ұстаз

Өмірге бағдар беру, болашаққа нық сенімді азамат тәрбиелеу – ұстаз парызы. Осындай ұлағатты парызды өз биігінде алып келе жатқан оралдық ұстаздардың бірі – Гүлзихан Үмбетқызы Тасқарина.

15C260BA-99F4-443A-86AB-2AF5B4D1F75E

Ұстаз оқушыларының пәнге қызығушылығын  арттырып, жаңа білімді  дайын күйінде емес, іздене отырып, қабылдауына  мән  береді. 37 жылдық педагогикалық өтілінде жүздеген шәкіртті жаңа белеске  қанаттандырып, кейінгі бес жылдың ішінде республикалық деңгейде 20-дан аса олимпиада жүлдегерін дайындап шыққан шебер педагог. Еңбегі ескерусіз емес. Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, «ҚР білім беру ісінің  үздігі» атанды. 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.

DB54CBBE-7971-49CE-BC55-56F1E89CCAA7

Оқыту мен тәрбиелеуде  шығармашылықпен жұмыс жасап  келе жатқан Гүлзихан Тасқаринаның білім беру үдерісінің дамуына қосқан үлесі жоғары. Пән мұғалімі ретінде  басты мақсаты – оқушыларға терең білім берумен қоса шығармашылық қабілетін дамыту, рухани білім негізінде тәрбиелеу. Осы ретте Гүлзихан Үмбетқызы оқушылардың тілдік қатысымдылық құзыреттілігін дамытуды проблемалық тақырып ретінде  алған.

– Қазақ тілінің шешендік өнерін, нақыл сөздерін зерттеген Ахмет Байтұрсынұлының тіл әліппесі еңбегінде оқушылардың алдымен ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша жазу мәдениетін арттырудағы жолындағы жүйелі жұмыстардың ғылыми негіздемелері қарастырылған. Олай болатын болса, бүгінгі күні оқушылардың тілдік құзыреттілікке тәрбиелеудің басты принципі осы ұлы ғұламалардың  еңбектерінен бастау алады. Алдыма қойған мақсатым – оқушылардың тілдік қатысымдылық негізінде  тәрбиелей отырып, көркем түрде жаза білуіне және сөйлей білуіне  негіз салу, барлық оқушыларды ерікті түрде  жұмыс істеуге  үйрету. Сабақ барысында әр баланың тыс қалып қоймауына, бір сұрақпен немесе бір сөйлеммен болса да сабаққа қосылуына жағдай жасауға көмектесу. Сонымен қоса сабақта ауызша сөйлеу тілін дамыту. Ол үшін мен сұрақ-жауап әдісін жиі әрі тиімді пайдаланып келемін, проблемалық оқытуға мән беремін. Атап айтқанда, «неге? неліктен? не себепті?» деген сұрақтарды қоя отырып, тақырыптың мазмұнын  ашуға, қорытынды түйін жасатуға үйретемін. Әрине, бүгінгі күні үнемі бірсарынды сабақтар балаларды жалықтырады деген ұғым да бар. Яғни, дәстүрлі сабақтар дұрыс емес деп айтылады. Бұл біржақты пікір деп есептеймін. Сондықтан, мұны әрі қарай зерттеп, зерделеу керек. Бүгінгі күні әр тақырыпты өтерде  дәстүрлі емес сабақтардың элементтерін қолдануға мән беремін, – дейді ұлағатты ұстаз.

Материалдады талдату, тақырыпты жеке дара талдату, конференциалды іс-әрекет арқылы талдау, шығармашалық көзқарас беру, материалды оқушылардың түсіну  қабілетіне  сәйкес баяндатуға мән береді. Оқушыларын жазба тілін дамыту, сұрақтардың күрделі және жеңілдігіне қарай жұмыстануға үйрету, қорытынды жасауға үйрету, сұрақтар жиынтығын құру, жоба жасау, шығармашылық тапсырмалар жасау сынды жазба жұмыстарға үнемі еркін жазуға үйретеді. Г.Үмбетқызының үздіксіз  шығармашылық  еңбегінің  нәтижесі – оқушыларының  республикалық, облыстық  пән  олимпиадалары, ғылыми  жобалар мен сайыстарда  жеңімпаз болуы. Дана Ерғалиева, Елшат Төлегенов, Жәлміш Үмбетқалиев, Оралхан Зағыпар, Инабат Рахимова, Ақжарқын Тілекқалиева, Сымбат Орманова, Жандос Төлеу сынды шәкірттері  республикалық білім байқауларында, шығармашылық сайыстарда бірнеше мәрте ұстаз мерейін өсірді.

«Ұстаз болу өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай әр педагогтың  болашағы үшін алаңдайтын  ұстаздың  еңбегі еш кетпейді. Қанша жыл тер төгіп еңбек етсе де, «болдым, толдым, мен бәрін де білемін» деп айтпайды. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады және  тәжірибесін өзінен кейінгі толқынға бөлісіп, бағыттап келеді.  

 – Қоғамдық ақпараттану, жаһандану заманында өмір сүрудеміз. Кез келген материалды қажет кезінде алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білуге болады. Менің мақсатым – бәсекеге  қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан-жақты тұлғаны тәрбиелеу. Сол себепті танымдық әрекет – жұмысымдағы басты бағдар болып есептеледі. Бұл танымдық әрекет дегеніміздің өзі – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі. Бұл жерде мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігі  қажет. Осы бағытта таным дегенміз не, танымдық әрекет деген не деген күрделі үдеріс бағытында жұмыстанып келемін, – дейді  кейіпкеріміз.  

Бүгінде Гүлжихан Үмбетқызы  республикалық оқулықтың эксперті, республикалық «Өлкетану»  оқулығының авторы, облыс көлемінде көптеген авторлық бағдарламалары мен іс-тәжірибесімен бөлісіп келеді. «Оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістері», «Эссе жазу және оның әдістері» тақырыбындағы шеберлік сағаттарына облысымыздың түкпір-түкпірінен қатысып көптеген мұғалімдер тәлім алуда.

Ұстаздық қызмет еткен жылдарында  облыстық, республикалық ғылыми-әдістемелік баспа беттерінде тәжірибесімен бөлісіп отырады. Бірнеше авторлық  бағдарламалары жарыққа шықты. Жуырда ғана жарық көрген «Сенім мұхиты» атты еңбегі де педагогикалық қызметке аяқ басқан ұстаздарға арналған. Кітапқа жинақталған кәсіби жазбаларында автор жас ұстаздардың тәжірибе жинауына, ізденісіне және олардың қабілетін шыңдап, ұстаздықтың қыр-сырын үйренуге бағыт береді. Өйткені мұғалімдік кәсіптің ішкі құндылығын тану – қай кезде де маңызды. Осы орайда өз тәжірибесін, сабақ беру әдістемесін бөлісе отырып, ұстаздық сенім туралы баяндайды, тәлімгер мен тәлім алушының арасындағы кәсіби және адами қарым-қатынас туралы ой өрбітеді.

Эльмира Нұғманова,

Орал қалалық білім беру бөлімі баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале