30.01.2024, 11:15
Оқылды: 91

Прокуратура заң бұзылған мемлекеттік сатып алу рәсімін тоқтатты

Бөкей ордасы ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

прокуратура

 Нәтижесінде аудандық білім беру бөлімі өткізіп жатқан 1,2 миллион теңге болатын мемлекеттік сатып алу рәсімін тоқтатты.

Мемлекеттік мекеме «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабының 2-тармағының талаптарын бұзып, орналастырылатын ақпаратта сатылып алатын тауарлардың фирмалық атауын көрсеткен.

Сонымен қатар тапсырыс беруші электрондық оқулықтарды сатып алу барысында баспаның атауын көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін біліктілік талаптарын белгілеуге жол беріп заңның 9-бабының 2-тармағын сақтамаған.

Қадағалау актісі арқылы бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бөкей ордасы

 ауданының прокуратурасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале