24.05.2022, 15:15
Оқылды: 132

Референдум – заман талабы

Көштен қалмау, даму, өркендеу – қазіргі қоғамның басты талабы. Баршамызға мәлім референдум дегеніміз – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Азаматтық қоғам институттары дамыған елдерде бұл күнделікті құбылысқа айналған. Жалпы, бұл институт алғаш рет Швейцарияда бастау алды десек, Тәуелсіздік алғанына небәрі 31 жыл толатын жас Қазақстан үшін үшінші мәрте өткізілмекші. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 5 мамырында республикалық референдум өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойып, мемлекеттік телеарналардан Үндеу жариялаған болатын.

WhatsApp Image 2022-05-24 at 12.08.00

Бастапқы өткен референдумдарда Президенттің өкілеттілігін ұзарту және жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі көтерілген болса, осы жолы сол 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңға елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі халықтық дауысқа берілмек. Әрине, басты заңнамалық құжаттың үштен-бір бөлігінің өзгеріске енгізілуін ел халқының талқысына салынуы құптарлық шешім. Демократиясы дамыған батыс елдерінің барлығына тән саяси құбылыс.

Мемлекет тарихына қара дақ саналатын «Қасіретті қаңтар» оқиғасының орын алғанына да көп уақыт өткен жоқ. Десек те, арасы не бәрі 4-5 айдың ішінде елімізде көптеген саяси бағытқа бағытталған жаңа қадамдар мен қалың бұқараның көңілінен шығатын тың бастамалар орын алуда. Мемлекет басшысы еліміздің даму бағытын айқындайтын «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жаңа Жолдауында халыққа зор сенім артатындығын білдіріп, егемен еліміздің даму жолын басқа арнаға бұратындығын жеткізді. Ол «алдымен саясат, кейін экономика» қағидаты. Көпшілік айтып жүрген, дамыған елдерде қолданылатын қағида міне осы.  Президент өзінің тарихи Жолдауында:  -   Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі халықаралық ахуал Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірақ заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз, - деп нақты бағыт-бағдарымызды көрсеткен болатын.

Маусым айының алғашқы жексенбісінде өтетін жалпыхалықтық таңдауда жұртшылық 98 баптан тұратын Конституцияның қолданыстағы редакциясының 31 бабына өзгеруіне өз ықтиярын білдірмек. Осы тектес референдумдар бұрынғы кеңестік елдердің ішінде Ресей Федерациясында 2020 жылы, Қырғызстанда 2021 жылы, Беларусь елінде ағымдағы жылы жүзеге асырылды. Жалпы, жаңа редакцияны халық талқысына шығарылмастан бұрын болатын түзетулерді құқықтанушы ғалымдар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы қарап, дайындаған болатын.

Өзегеріс енгізілетін тиісті Конституциялық реформалардың ерекшеліктері мен өзгерістердің ауқымдылары тоқталар болсам, Президент бөлігінде, Президенттің саяси партиядағы мүшелегін тоқтатуы және жақын туыстарына белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу, Президенттің облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығына байланысты, Парламент бөлігінде Сенат және Мәжіліс депутаттарының санының қысқаруы, Заңдардың Мәжілісте қабылданып, Сенатта мақұлдануы, сайлауда халық қалаулыларының 70% партиялық, 30% бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлануы, құқық қорғау инстуттары бойынша өлім жазасының алынып тасталуы, Конституциялық Соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы баптың енгізілуін айтуға болады.

Әсіресе, жаңа редакцияның 6 бабы 3-тармағының ұсынылатын бөлігіндегі «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады», - деп жазылуы көпшілік көптен көтеріп жүрген тақырыптың халыққа оң ықпал етері сөзсіз. Себебі, қазіргі күрделі заманда табиғи байлықтың иесі халық болуы заңдылық. Бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқып, біліп жүргеніміздей болатын өзгерістер аз емес. Ата Заңның өзгеруі басқа көптеген заңдар мен нормативтік құқықтық актілердің қабылдануы жол ашады.

Бәрін айт та, бірін айт демекші, ендігі кезекте қалың бұқара ашықтық пен демократияға қадам басамын десе, өз өмірінде, мемлекетте болар өзгерістерді қаласа 5 маусым күні өзінің сайлау учаскесіне табылуы шарт. Себебі, әр қазақстандықтың дауысы мен тілегі маңызды. Ендеше, барша отандастарымды сайлауға шақырамын.

Сайлауға кел, ағайын! Жаңа, жарқын Қазақстанды құру баршаға ортақ.

Исатай Құрмашев.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы

аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале