26.10.2026, 15:00
Оқылды: 56

Republic Day және Bereke Fest: батысқазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда.

IMG_20261025_235228_672

Фото: saudagovkz

Мерекелік науқанға еліміз бойынша 649 сауда нысаны қосылды. Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар арнайы бағамен ұсынылып, жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

Мерекелік ұсыныстар сауда орындарында да, онлайн платформаларда да қолжетімді. Акциялар сауда-ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, бөлшек сауда желілерін және қазақстандық маркетплейстерді қамтиды.

Republic Day акциясына 232 сауда-ойын-сауық орталығы, сауда орталығы мен сауда үйі қатысуда. Ал Bereke Fest акциясына 417 сауда желісінің дүкені қосылды.

Сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін акцияға қатысатын сауда нысандары мен олардың мекенжайлары туралы ақпарат әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында жарияланған. Өз өңіріңіздегі дүкендердің тізімімен төмендегі сілтемелер арқылы танысуға болады.

Батыс Қазақстан облысы:

https://www.gov.kz/org/bko/press/news/details/1312772?lang=kk

Еске салайық, Republic Day және Bereke Fest акциялары 2026 жылғы 27 қазанды қоса алғанда жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале