Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз мерекесі тойланды
20 Наурыз 2023

Наурыз мерекесі тойланды

Тұрғындардың 58 пайызы өз таңдауын жасаған
19 Наурыз 2023

Тұрғындардың 58 пайызы өз таңдауын жасаған

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Елена Рыбакинаның жанкүйері болып шықты
19 Наурыз 2023

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Елена Рыбакинаның жанкүйері болып шықты

70,23 пайыз сайлаушы дауыс берді
19 Наурыз 2023

70,23 пайыз сайлаушы дауыс берді

БҚО-да 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді
19 Наурыз 2023

БҚО-да 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді

Ресей азаматтарының Қазақстанға келіп-кетуі қалыпты деңгейге оралды

Күн сайын келетін РФ-ның азаматтарының саны мемлекеттік шекарадан өтудің орташа әдеттегі деңгейіне оралды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет қабылдаған іс-шаралардың нәтижесінде:

Ресей Федерациясымен шекарада Қазақстан азаматтары үшін тұрақты «жасыл дәліз» ашылды;

өткізу пунктерінде шетел азаматтарының құқықтары мен жауапкершілігі, көші-қон қызметіне хабарлау, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «1414» байланыс орталығы жұмысының тәртібі көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер ұйымдастырылды;

өңірлерде тіркелмеген мигранттарды анықтау үшін мобильді мониторингтік топтар құрылды;

жағдайды тұрақсыздандыру және жалған ақпарат тарату әрекеттері, әсіресе әлеуметтік желілерде бақыланып, тоқтатылып отыр;

елге келушілер үшін уақытша тұру орындары ұйымдастырылды, олардың тіркелуі, орналасуы және тұруы үшін қажетті жағдай жасалды;

жалдамалы тұрғын үй, қонақ үйлер мен жатақханаларда тұру бағасын бақылау қамтамасыз етілді, келушілер үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін де жалға берілетін тұрғын үй мәселесі бойынша «жедел желі» телефоны ашылды;

қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтілді және болуы мүмкін, оның ішінде тұрмыстық және ұлтаралық қақтығыстардың және тағы басқаларының жолы кесілді.

«Сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р.Склярдың төрағалығымен Халықтың көші-қоны саласындағы мәселелерді үйлестіру жөніндегі штаб құрылды. Ұлттық нарықты қорғау, мемлекеттік шекарада және шекара маңы өңірлерінде бақылауды күшейту, көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі шараларды, сондай-ақ келушілерді уақытша қоныстандыруға және бейімдеуге жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды көздейтін көші-қонның өсуіне байланысты тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары әзірленді. Осы жылғы қазан айында алдыңғы аймен салыстырғанда ресейліктер 65 пайызға аз келген және күн сайынғы теріс сальдо орташа есеппен 1,6 мың адамды құрап отыр. Күн сайын келетін РФ азаматтарының саны мемлекеттік шекарадан өтудің орташа әдеттегі деңгейіне оралды», - деді Әлихан Смайылов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале