27 мамырда 100 миллион доллар көлемінде процент төлемі төленуі керек еді. Ресей тарапы ақша Бельгияның «Euroclear» қаржы қызметтері компаниясына жіберілді деп мәлімдеді. Содан кейін ол төлем инвесторлар арасында бөлінуі тиіс болатын.
Бұл төлем бұғатталып, кредиторлар дивидендтерін алмаған. Ақша төлем жасалған күннен бастап 30 күн ішінде түсуі керек еді, сондықтан бұл дефолт деп саналады. «Euroclear» барлық санкцияларды ұстанатынын атап өтті.
Ресей үкіметі өз төлемдерін уақытында жасағысы келетінін мәлімдеді. 40 млрд долларға жуық ресей қарызы доллармен немесе еуромен белгіленген, оның жартысы елден тысқары жерде.
Өз кезегінде Кремль 23 маусымда қарыз бойынша барлық төлемдер шартта доллармен немесе басқа да халықаралық валютамен көрсетілсе де, Ресей банкі арқылы рубльмен жүргізілетіні туралы бұйрық шығарған.
Бұл дефолт Ресей үшін қағаз жүзіндегі соққы. Дефолт жариялаған елдерге әдетте қарыз берілмейді, бірақ Ресейге санкцияларға байланысты батыс нарығында онсыз да қарыз беруге тыйым салынған.
Ресей соңғы рет сыртқы қарызы бойынша дефолтты 1918 жылы жариялады. Ол кезде коммунистердің көшбасшысы В.Ленин большевиктер революциясы кезінде Ресей империясының қарызын төлеуден бас тартқан болатын.
9:3212.08.2022
Ресейде каронавирустың дельтакрон штамы анықталды
14:452.08.2022
Иран Қазақстан арпасынан бас тартуы мүмкін - Астық өндірушілер одағы
17:4521.07.2022
Қазақстандық көліктерді шетелге экспорттау көлемі 23 пайызға артты
17:2911.07.2022
Ресейде жүрген Қазақстан азаматтарына паспорт дайындау мерзімі 30 күнге дейін қысқартылды
12.08.2022, 9:32
2.08.2022, 14:45
21.07.2022, 17:45