27.09.2022, 13:00
Оқылды: 90

Рубльдің айналымда мол болуы инфляцияға қалай әсер етеді – министр жауабы

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ресейліктердің елімізге көптеп келуінен айналымға түскен рубльдің инфляцияға қалай әсер етіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220807143718898e

«Әрине, теңгемен нақты бір байланысы бар. Өйткені, біз де Ресейден тауар импорттаймыз. Ресеймен, өзге де шекаралас елдермен тығыз жұмыс істейміз. Сондықтан бұл өзара ақша айналымы саналады. Ол теңгеге қысым да келтіреді, сонымен қатар оны нығайтады да», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министр теңге бағамына белгілі бір деңгейде инфляция барысы да әсер ететіндігін атап өтті.

«Ұлттық банк осы бағытта жұмыс істеп жатқанына сенімдімін», - деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале