22.03.2022, 15:10
Оқылды: 93

Румынияда қазақстандық кино күндері өтті

2022 жылғы 18 наурыз - Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Румынияның ірі өңірлік орталықтарының бірінде қазақстандық кино күндері өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

5D86EB06-96FC-4653-9E3E-41FF64987AD1

Атап айтқанда, «Томирис» және «Дорога домой» фильмдері көрсетілді. Қазақстандық кинематографтың танымал жұмыстары жоғары бағаланып, румын жұртшылығының үлкен қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның ашылуында бірнеше жыл ішінде үлкен серпіліс жасалған мәдени байланыстарды тереңдетудің маңыздылығы атап өтілді. 2020-2021 жылдар аралығында Қазақстан мен Румыния екі мемлекеттің елордаларында «Қазақстан» және «Бухарест» скверлерін, қазақ ақыны Абай және румын ақыны Эминеску бюсттерін ашу, сондай-ақ Румынияның түрлі өңірлерінде мәдениет күндерін өткізу сияқты бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.

Сонымен қатар, румын көрермендерінің назарына Қазақстанның табиғаты мен елордамыздың сәулеттік құрылысына арналған 20 картинадан тұратын фотокөрме ұсынылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале