26.12.2022, 11:30
Оқылды: 93

Сайлаушылармен кездесу өткізді

Осыдан тура бір ай бұрын Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 11.23.33

Бүгіннен бастап Парламент Сенатына біздің өңірден үміткер ретінде өз-өзін ұсынып, тіркеуден өткен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов оңтүстік аудандарды аралап, мәслихат депутаттарымен кездесу өткізеді.

ҚР Сенат депутаттығына үміткер Арман Кәрімұлы алдымен Казталов ауданында болып, жергілікті халық қалаулыларымен жүздесті. Кездесуде үміткердің сенімді өкілі, өңірге танымал мәдениет саласының ардагері, салалық кәсіподақ төрағасы Айдар Батырханов сөз сөйлеп, кандидаттың өмір жолымен, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.

WhatsApp Image 2022-12-26 at 11.22.02

Басқосуда сөз алған бірқатар аудандық мәслихат депутаттары алдағы сайлауда үміткерді қолдайтындарын айтты.
Өз кезегінде Арман Кәрімұлы білдірген сенімдері үшін алғыс айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

БҚО аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале