Қазақстанда студенттерге арналған жаңа грант түрі пайда болмақ
25 Мамыр 2022

Қазақстанда студенттерге арналған жаңа грант түрі пайда болмақ

Теректіде соңғы қоңырау салтанаты өтті
25 Мамыр 2022

Теректіде соңғы қоңырау салтанаты өтті

Халық үшін қажетті қадам
25 Мамыр 2022

Халық үшін қажетті қадам

Соңғы қоңырау соғылды
25 Мамыр 2022

Соңғы қоңырау соғылды

Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен: Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушы қызды соққыға жыққан
25 Мамыр 2022

Қазақ тілінде сөйлеуді талап еткен: Алматы облысында такси жүргізушісі жолаушы қызды соққыға жыққан

Әлемде өмір сүру ұзақтығы орта есеппен екі есеге қысқарған
25 Мамыр 2022

Әлемде өмір сүру ұзақтығы орта есеппен екі есеге қысқарған

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

«Самұрық-Қазына» Қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер саны 50% қысқартылатын болды, деп хабарлайды sk.kz сайты.

14

Мәліметке сай, төмендегідей өзгерістер енгізілді:
1. Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; «кеңесші» қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми веб-сайтта жарияланған.

2. Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған Тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен Қадағалау, маркетинг, және импорттың орнын басу ережелері алдын-ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және «Атамекен» ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын факторлар қысқартылды. Аталған құжаттарды Директорлар Кеңесі қабылдаған соң Қордың корпоративтік орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады.
3. Портфельдік компанияларға «Самұрық-Қазына» Қорын реформалау бойынша ҚР Президенті тапсырмаларын орындауды қадағалау жөніндегі құжат жіберілді; жауапты қызметкерлер, іске асыру мерзімдері мен қадағалау индикаторлары анықталды.
4. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді.
Басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын Қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерземдерін бекітті.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале