7.12.2021, 10:30
Оқылды: 104

Саңлақтар түлеп ұшқан мектеп

«Буревестник» ерікті спорт қоғамы жанынан 1956 жылы 1 қарашада Орал қаласында балалар спорт мектебі ашылды. Мектепке 2014 жылдың 24 желтоқсанында №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі мәртебесі берілді.

13

 

Спорт мектебі П. Атоян атындағы стадионда түрлі жарыстарды, мәдени іс-шараларды ұйымдастырады. Академиялық есу, байдарка мен каноэ есу, жеңіл атлетика, көгалдағы хоккей, ауыр атлетика және 2002 жылы қыркүйек айында ашылған әйелдер күресі, оқ ату бөлімдері жұмыс істейді. 415 спортшы емін-еркін жаттығып, түрлі деңгейдегі турнирлерде топ жарып жүр.

Жоғары деңгейдегі бірін-ші санатты жаттықтырушы Алексей Разживалов пен ҚР спорт шебері Иван Матвиенко академиялық есу бөлімінде 16 спортшыны жаттықтырады. ҚР чемпионатының 3-орын иегері Денис Пенин – бөлімнің үздік спортшысы. Ал ауыр атлетика бөлімінде 4 негізгі, 1 қосымша жаттықтырушы-оқытушы 55 спортшыны жаттықтырады. Өтепберген Әлиев,
Рустам Урашев, Виктор Тарасов, Адина Ауылбаева сынды спортшылар ҚР чемпионаттарында топ жарып жүр. Әйелдер күресі бөлімінде 59 спортшы бар. Артур Қазбенов сынды тәжірибелі жаттықтырушыдан тәлім алған Айымгүл Абылова ҚР чемпионатының қола жүлдегері.

«№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Қарабасованың сөзіне сүйенсек, басқа да бөлім тәрбиеленушілері талай жүлдеге қол жеткізіп, сапалы жұмыстың нәтижесін көрсетуде. Мәселен, жеңіл атлетикадан Қуаныш Сатбай ҚР VII жазғы ойындар спартакиадасында 2-орын иеленді. Байдарка мен каноэ есуден Е. Казанина, А. Жанболат, Р. Кузнецов, А. Копняев, В. Куликова сынды спортшылар чемпионаттарда жеңімпаз атанды.

12

– Біздің мектепте 22 негізгі, 4 қосымша жаттықтырушы-оқытушы қызмет атқарады. Олардың барлығы да тәжірибелі. Көгалдағы хоккей бөлімінде 4 негізгі жаттықтырушы-оқытушы бар. Олар 90 спортшыны дайындайды. Оқ ату бөлімінде 50  спортшы жаттығады. КСРО спорт шебері Александр Топорков пен ҚР спорт шебері Ольга Келазева шәкірттеріне бар білгенін үйретуде. Байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионы Александр Акунишников, грек-рим күресінен жастар арасында әлем чемпионы Артур Үмбетқалиев, Азия чемпионы Алексей Дергунов, Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы Андрей Ергучев, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Георгий Шейко – біздің мақтаныштарымыз, – деді Мөлдір Сұлтаниярқызы.

Әлкеш  Қалқаман,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале