26.11.2019, 11:56
Оқылды: 76

«Сапа апталығы» өтуде

Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жыл сайын «Сапа апталығы» өткізіліп тұрады.

 zkitu (2)

Аталмыш университеттің педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінің академиялық қызмет департаментінің басшысы Самал Машанованың айтуынша, апталық аясында университет кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Біздің мұғалімдердің еңбектері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады екен.

zkitu (1)

-Дүниежүзілік сапа күні – әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда да өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Аталмыш шара барысында университеттің апталық бағдарламасына ғылыми-тәжірибелік конференциялар, ақпараттық және ғылыми-әдістемелік семинарлар, кітаптар мен журналдардың көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар енгізіледі. Универсиет оқытушылары ашық сабақтарға кіріп, әріптесінің қандай деңгейде сабақ беретінін көрсе, екінші жағынан өзіне де тәжірибе жинайды. Әсіресе жаңадан жұмысқа тұрған жас оқытушыларға өздерін шыңдауға берілген жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Апталықта тек қана университетіміздің оқытушылары ғана емес, өңіріміздегі басқа да университет, колледждердің оқытушылар және осы университеттен білім алып, бүгінде әр түрлі салада еңбек етіп жүрген шәкірттерімізде келіп, өздерінің білгенімен бөліседі, - дейді Самал Амангелдіқызы

Есенжол Елекенов

БҚИТУ-дың баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале