6.09.2022, 14:30
Оқылды: 91

Сауда министрі сәбіз, картоп пен сүт бағасын қалай реттейтінін айтты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин сәбіз, картоп, сүт, қарақұмық және күнбағыс майының бағасын қалай реттейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

Фото дереккөзі: turkystan.kz

«Былтыр сәбіз бен картоптың айналасында қанша әңгіме болғаны естеріңізде шығар. Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Павлодар обылстарының сәбіз бен картоп өндірушілерін жинадық. Олар гербицид, пестицид, тыңайтқыштарға 4 млрд теңге ақша бер деп отыр. Олар бізге сәбіз бен картоптың бағасын тұрақтандырып береді. Күнбағыс майын өндірушілер бізге экспортты жауып беріңіздер дейді. Сонда шикізат өзімізде қалады. Ал қарақұмық өндірушілер шикі қарақұмық сатып алуға 1 млрд теңге сұрап отыр. Бағаны сол арқылы тұрақтандырамыз», - деген ведомство басшысы сүт нарығында да осыған ұқсас схема жұмыс істейтінін атап өтті.

«Сүт өндірушілер жазда шикізатқа қиналмайды. Ал қыста құрғақ сүт сатып алады. Олар бізгден құрғақ сүттің шикізатын сатып алуға 1 млрд 130 млн теңге сұрап отыр. Яғни біз қазір бүкіл қаражатты бір жерге шоғырландырамыз. Бұған дейін әр өңірдің әкімдігі ол қаражатты өз қалауынша игеретін. Сонда біз ақшаның шикізат сатып алуға жұмсалуын мақсатты түрде бақылаймыз. Енді осы аталған тауарлардың бағасы көтерілмейді деген сөз. Бұл меморандум бір жылға жасалады», - деді Серік Жұманғарин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале