3.03.2021, 12:18
Оқылды: 166

Сәуірден бастап қазақстандықтар кез келген өңірде зейнетақыға өтініш бере алады

2021 жылдың 1 сәуірінен қазақстандықтар кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты.

ззз

«Қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл принцип азаматтардың тіркелген жерінен ғана емес, басқа өңірлердегі кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Осылайша, қызметтерді кезең-кезеңмен эксаумақтық принципке ауыстыруды осы жылғы 1 сәуірден бастап іске қосу жоспарланған», - деді Ербол Оспанов орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале