15.07.2026, 10:00
Оқылды: 10

Саяси науқанға дайындық жалғасуда

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар қарқынды жүргізілуде.

құрылтай, банер, курултай

Бүгінде құрамы 7 адамнан тұратын Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы саяси науқанға дайындыққа толыққанды кірісті. Айта кетейік, аталған комиссияның құрамына 136 учаскелік сайлау комиссиясы кіреді. Олардың 14-і жабық, яғни ауруханалар мен уақытша оқшаулау орындарында орналасқан. Жоғарыда аталған комиссияларда 1054 мүше қызмет жасайды. Қазіргі таңда сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары, комиссия құрамдары туралы мәліметтер жергілікті басылымдарға, түрлі сайттар мен интернет-порталдарға жарияланды.
Жалпы Орал қаласы бойынша 240 мыңнан астам сайлаушы бар. Бүгінде шаһар тұрғындарын құлағдар ету мақсатында қала бойынша баннерлер орналыстыру, LED экрандардан бейнероликтер көрсету, халық көп жиналатын жердерде аудио жазбалар жіберу жұмыстары жүргізілуде.

Орал қаласының аумақтық сайлау комиссиясы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале