21.11.2023, 12:15
Оқылды: 42

Саяси сауаттылық қыз-келіншектерге артық етпейді

 

Таяуда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» тақырыбында оқыту тренингі өтті. Ең әуелі аталған жоғары оқу орнындағы қаржы және экономика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Шолпан Сырымбаева шара қонақтарын таныстырды. Тренингке түрлі салада қызмет атқарып жүрген жалпы саны 25-ке жуық әйел қатысты. Олар баяндамашыға сауал-сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

кыз келиншектер

– Бұл тренинг облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізілуде. Саяси өзгерістерден әйелдер де хабардар болып отыруы тиіс. Өз-өзін жан-жақты жетілдіргісі келетіндер үшін мұндай оқыту тренингтерінің пайдасы зор деп ойлаймын. Осындай жиындар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілуде. Қаржылық сауаттылықты арттыру және ғаламтордағы алаяқтықтан сақтануға бағытталған жиындар қыз-келіншектердің көңілінен шығуда. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз, – деді облыстық қоғамдық даму басқармасы азаматтық қоғамды дамыту бөлімінің басшысы Ранида Әшенова.

«Атамекен» ҰКП-ның әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторы, «Қарызсыз қоғам» жобасының БҚО бойынша жетекшісі Зүлфия Көбеева тренинг барысында түрлі тақырыпта сөз қозғап, қатысушыларға көрген-білгенін айтып бақты.

– «Tomiris» ақпараттық білім беру бағдарламасының тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған осы тренингтің мақсаты – әйелдер-дің елдің саяси өміріне белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейту, көшбасшылық дағдыларын арттыру. Жалпы аталған бағдарлама 2022 жылы басталған болатын. Біз бір сағат ішінде барынша қатысушыларға пайдалы ақыл-кеңес айтуға тырысамыз. Осы бағытта тәжірибе алмасу үшін жақында АҚШ-қа барып келдім. Ол жақтағы саясаткерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді талқыладық, – деді Зүлфия Тынымгерейқызы.

Марлен Ғилымхан,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале