23.04.2024, 15:35
Оқылды: 59

Саяжай тұрғындары қайтпек?

"Қазіргі өзекті мәслелелердің бірі – саяжай тұрғындарына келтірілген залалды өтеу. Зардап шеккен тұрғындар Орал қаласы әкімдігінің ресми сайтында көрсетілген мекенжайларға және e-gov mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыра алады", - деді БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов.

WhatsApp Image 2024-04-23 at 16.11.57 (1)

Қазіргі таңда мүмкіндігіне қарай саяжайлардағы суға кеткен үйлерге техникалық тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен саяжай тұрғындарының үй шығындарын өтеу үшін ондағы құрылыстарды, үйлерді тұрғын үйге жатқызу жөніндегі заңға өзгеріс енгізудің ереже жобасы әзірленіп жатыр.

Осы ретте, аталған шығындарды өтеу бойынша шаралар -  тұрғындардың үй жағдайын жақсарту мақсатында емес, төтенше жағдай салдарын жою болып табылатындығын атап өту қажет!

Айта кетейік өңірде 14 839 саяжай үйін су басты.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале