24.01.2025, 12:00
Оқылды: 187

Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы екінші рет ірі есеппен жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы Латвияның Рига қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті жазды.

1737695397

Қазақстан құрамасы Тайбэймен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Тайбэй - Қазақстан 0:6 (0:4, 0:1, 0:1)

0:1 - 00:23 - Зубкова

0:2 - 12:31 - Муравьева (Феоктистова, Зубкова)

0:3 - 14:30 - Жакулина (Раковская)

0:4 - 18:47 - Зубкова (Феоктистова, Муравьева)

0:5 - 26:31 - Муравьева (Жакулина, Раковская)

0:6 - 55:14 - Муравьева (Халикова)

Енді қазақстандық хоккейшілер 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.

Фото: Федерацияның баспасөз қызметінен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале