28.07.2022, 15:00
Оқылды: 8

Шалғындағы үй құрылысы биыл аяқтала ма?

Облыс әкімі Ғ.Есқалиев Қаратөбедегі сапарын Жусандыой - Ханкөл - Шалғын - Қоскөл - Егіндікөл бағытындағы жоғары қысымды газ құбыры желісінің жөндеу жұмысымен  танысудан бастады.

72c26e5d-21a7-48b3-addc-1d958c43cad6

Жоғары қысымды газ құбырының басында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мамандармен дидарласқан өңір басшысы жұмыстың сапалы, уақтылы жасалуын баса назарға алу қажеттігін атап өтті.

2523bfe4-1ee1-4fd3-acb2-e912f4af68ae

Одан соң Ғали Нәжімеденұлы бастаған топ көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен шалғайдағы Шалғын ауылына ат басын тіреп, ондағы құрылыс жұмысымен танысты.
Шалғындағы тұрғын үйлердің құрылысының жүру барысымен таныстырған мамандар, барлық жасалған жұмыс пен алдағы атқарылар шаруаларды атап өтті.

56d73f7e-bebe-488b-9331-61955fe9ebd8

Тасқын судан зардап шеккен 23 тұрғын үйдің құрылыс жұмысын «Жиенбай» ЖШС қолға алған. Үй салу жұмыстарының басталғанына бір ай болған. Әзірге салынады деп жоспарланған тұрғын үйлердің 11-інің табаны тартылған. Бір тұрғын үйдің қабырғасы қалануда. Мердігер компания тұрғын үйлердің құрылысын қазан айының аяғына дейін толық аяқтайтындарын айтады.

6065d071-7037-4dff-b494-0abb641ccad9
Облыс әкімімен дидарласқан шалғындық тұрғындар мердігердің құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізсе деген өтінішін айтты. Күз мезгіліндегі жауын-шашынға, күннің суығына қалмай пәтерлеріне кірулерін басты назарында ұстайтындығын жеткізген өңір басшысы Ғ.Есқалиев құрылыс жүргізуші компания басшылығына үй құрылысын уақтылы, сапалы аяқтауға тапсырма берді.

Жұмыс күшін молайтып, қосымша құрылыс бригадаларын жұмысқа жұмылдырып, тұрғын үйлерді қазан айының аяғына дейін тапсыруды жоспарлағандарын жеткізген «Жиенбай» ЖШС өкілдері жергілікті жерден де жұмысшылар алып жатқанын тілге тиек етті.
Жері белгіленіп, құрылысы басталып жатқан 60 орындық Шалғын негізгі мектебінің құрылысы сала басшыларының айтуынша, келер жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарланған.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале