19.04.2021, 23:08
Оқылды: 150

Шаруаларды сабырға шақырды

Иә, бүгінде оңтүстік аудандар үшін киік мәселесі күн тәртібінің күйіп тұрған түйткіліне айналды. Соңғы жылдары шабындық жерлері селдіреп, шөптен таршылық көрген шаруалар ерте көктемнен бастап «Өткен жылдардың кебін кимеу үшін киіктердің көзін құрту керек. Бір шара алатын кез жетті. Болмаса өзіміз-ақ ақбөкендерді жерімізден айдап жібереміз» деп мәселе көтеруде. Ал киелі жануарларды қорғайтын мамандар болса «Киік санағы өтсін. Нақты саны белгілі болған соң шаралар қолдану туралы шешімдер де шығар. Жоғары жаққа екі ауданнан құрылады деп жоспарланған резерват мәселесін тездету керектігін де айтып жатырмыз. Сәл сабыр сақтайық» деген уәж айтуда.

киік санағы (4)

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі №31 санындағы журналист Нұрбек Оразаевтың «Шаруаларды сабырға шақырды» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале