20.03.2020, 21:21
Оқылды: 92

Шекарада сақтық шаралары күшейтілді

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев көршілес Ресей өңірінің Самара облысы шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде болып, елдегі төтенше жағдайға орай қолға алынған сақтық шараларын қадағалады.

30E90347-0C49-4ABE-80AF-3A817A13115E

Аталған бекеттен өңірімізге келушілерді қатаң тексеруден өткізетін арнайы орын жабдықталған. Ол жерде мамандар шекарадан өткен адамдардың денсаулығына қатаң бақылау жасайды. Оларға белгіленген үлгідегі жадынама толтырылып, қызулары өлшенеді. Егер келушілерді короновирус індетіне күдікті деп тапса, ол адам жедел жәрдем келгенше уақытша арнайы бөлмеге орналастырылып, кейін қаладағы оқшаулау емханасына жеткізіледі. Сондай-ақ шекарадан өткен әр адам мен көлікке белгіленген тәртіппен құжаттар толтырылады.

20200320165830_IMG_1388
Шекара бекетіндегі санитарлық-карантиндік пункт 13 наурыз күні ашылды. Бұл орындар тәулік бойы үздіксіз жұмыс жасайды. Дәл осындай пункттер көршілес елмен шекаралас орналасқан облысымыздың бес бекетінде ашылды. Қажетті құрал-жабдықтармен, арнайы мамандармен толық қамтылған. Күні бүгінге короновирус дертін жұқтырды деген күдікпен ешбір адам тіркелген жоқ. Белгіленген тәртіп бойынша 1А, 1Б тобына жататын елдерден келушілер ғана тексеріледі. Әр тәулігіне 30-даған адам тексерістен өтеді. Әзірге жағдай қалыпты,-дейді БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

BFFDCE49-172F-42A5-864A-AB2D4451459F

Өңірдің бас санитары ұсынған мәліметке сүйенсек, күні бүгін облыс бойынша 1А тобында 16, 1Б тобындағы 24 және екінші категориядағы 63 адам карантинде екен. Олардың саны карантиннен шығушылар және келушілер есебінен күн сайын өзгеріп тұрады.

Шекара бекетінде болған өңір басшысы короновирус дертінің алдын алу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.F3F8AD70-47FD-47B3-A1E8-C46DD338FE96

Ал кеден қызметкерлерінің айтуынша, бұл бекеттен Ресей елінен күніне 500 шақты жүк машинасы кіретін болса, дәл сондай көлемдегі көлік ел аумағынан шығады екен.

Нұрбек Оразаев

Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале