Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
22 Наурыз 2023

Өңір басшысы батысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Наурыз мерекесі тойланды
20 Наурыз 2023

Наурыз мерекесі тойланды

Тұрғындардың 58 пайызы өз таңдауын жасаған
19 Наурыз 2023

Тұрғындардың 58 пайызы өз таңдауын жасаған

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Елена Рыбакинаның жанкүйері болып шықты
19 Наурыз 2023

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі Елена Рыбакинаның жанкүйері болып шықты

70,23 пайыз сайлаушы дауыс берді
19 Наурыз 2023

70,23 пайыз сайлаушы дауыс берді

БҚО-да 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді
19 Наурыз 2023

БҚО-да 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді

3.10.2022, 17:01
Оқылды: 122
Шекарадағы жағдай тұрақталды

Бүгін БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Айта кетейік, аталған кеңес Ресей мен Қазақстан арасындағы шекарадағы мәселені реттеу үшін құрылған болатын. Бүгін облыс әкімі кеңес отырысында шекараға қатысты берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады.

аким общи

Алдымен Шекара қызметі департаментінің бастығы Бауыржан Рысбеков атқарылған істер турасында есеп берді. Ол бүгінгі таңда шекарадағы ахуал тұрақталғанын, тек ауыр жүк көліктерінін ғана кезегі бар екендігін атап өтті.

шекара басты,ы
Ал қоғамдық тәртіп пен көші-қон мәселесіне қатысты баяндамада біраз жәйт айтылды.

- Бүгінгі күні БҚО-ға 54 мыңдай ресейлік азамат кірді. Олардың көп шоғырланған жерлері мен шекара бекеттерінде полиция өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта 427 ресейлік азамат жалға берілетін пәтерлерде және "Арлан" спорт кешенінде 27 адам тұрып жатыр. Ресейліктерді заңсыз орналастырғандар үшін 70 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатындағы жұмыстар легі әлі де жалғасып жатыр, - деді БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин.

жаншин
Сала мамандарының мәліметінше, Ресейден келгендердің жас шамасы 18 -55 жас аралығын құрайды. Олар Ресейдегі соңғы саяси жағдайдан кейін қашып келгендер.

Басқосуда облыс әкімі Кірістер департаментінің жұмысын сынға алды.

жиналыс
«Шекара маңында заңсыз ақша жасап 100-деген такси жүрді. Сол жерден бірде-бір Кірістер департаментінің маманы болмады. Қазір бар-жоғы 13 адам жауапқа тартылды дейсіздер. Қалғаны қайда? Неге сіздің мамандар сондай адам көп жүретін жерде қадағалау жүргізбейді? Келесіде естеріңізде ұстаңыздар»,- деді аймақ басшысы Ғали Есқалиев.

БҚО әкімі жиын барысында заңсыз пәтерге жіберушілерді де қатаң қадағалауды тапсырды. «Пәтерге кісі жіберетіндер салық органында міндетті түрде тіркелсін. Ресейліктерді пәтерге жіберемін деп жергілікті адамдарды қуып шыққан жағдайлар ресми еш жерде тіркелген жоқ, бірақ біз ондай фактілердің болғанын білеміз. Уақытша табысқа бола осындай әрекетке барғандарды қалай атайтынымды да білмеймін, мұндай абыройсыздыққа бармаған дұрыс» деді Ғ.Есқалиев.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале