26.10.2026, 9:00
Оқылды: 9

Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика күнімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне байланысты шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен көптеген құттықтау жеделхаты келіп түсті.

IMG_20261025_231405_383

Фото: aqorda_resmi

​Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік табыстарын атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың дәйекті түрде тереңдей беретініне сенім білдірді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформаларға, экономикалық өсімнің орнықтылығына және халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстарға оң баға берді. АҚШ Президенті Дональд Трамп екі мемлекет арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалап, байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

​Сондай-ақ Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған тарихи және мәдени тамыры біте қайнасқан екі елдің ерекше қарым-қатынасы мен маңызды саммиттердің нәтижелерін атап өтті. Франция Президенті Эмманюэль Макрон дипломатиялық байланыстардың 35 жылдығы аясында бейбіт әлем құру жолындағы ортақ ұстанымдарға тоқталды. Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ұлыбритания, Корея Республикасының басшылары және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бастаған халықаралық ұйым жетекшілері де Қазақстан халқына өздерінің жүрекжарды тілектерін жолдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале