23.03.2020, 20:06
Оқылды: 73

Шетелде 60 қазақстандық қалып қойған


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев шетелде 60 қазақстандық бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2FCF48EE-807A-4EF5-BA64-C12750707D6C

Алдымен ведомство басшысы Қазақстанға 6 мың турист оралғанын атап өтті.

"Бүгін елге 145 азамат оралады деп жоспарланып отыр. Шетелде шамамен 60 азамат қалып қойды. Олар әртүрлі себепке байланысты біздің көмегімізді алған жоқ. Бұл азаматтарға қатысты жеке жұмыс жүргізіледі", - деді Абаев министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, кейбір туристер елге туристік жолдаманың уақытын біткен соң ғана қайтқысы келген.

"Бұл жауапкершіліктің жоқ екенін көрсетеді деп ойлаймыз", - дейді министр.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале