7.07.2022, 9:15
Оқылды: 58

Шетелде тұратын қазақ балалары арасында олимпиада өтті

26 маусым мен 1 шілде аралығында өткен жарысқа Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Ресей Федерациясында тұратын 67 оқушы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220707072602735e

Сурет: ҚазАқпарат

Олимпиаданың бірінші күні білімпаздар «Абай – ізгі қасиеттердің жоқтаушысы», «Ұлы тұлға – ұлт ұстазы» (Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай), «Әлихан Бөкейхан – ұлт мүддесінің жанашыры», «Менің таңдаған мамандығым», «Менің Қазақстаным» сияқты тақырыптарда эссе жазды.

Екінші күні оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінен білімін, шешендік өнері мен халық ауыз әдебиеті шығармаларын орындау шеберлігін көрсетті.

Сонымен қатар әділқазы алқасының алдында зерттеу жұмысын қорғады.

Мәдени бағдарламаның шеңберінде қатысушылар Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тағзым етіп, Отырар мұражайы мен «Ұлы Дала Елі» орталығын тамашалады.

Сонымен қатар оқушылар Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдарымен кездесіп, мазмұнды әңгіме қозғады.

Еске сала кетейік, олимпиада шеттегі қазақ дарынды балаларын анықтау және олардың тілге, әдебиетке, тарихқа ынталандыру және қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Ал үздік деп танылғандар «Отандастар қорының» Бурабай ұлттық курорттық-табиғи аумағында IQanat мектебі базасында өтетін жазғы демалысқа 3 тегін жолдама жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале