26.01.2021, 18:42
Оқылды: 438

Штаб отырысы өтті

Бүгін облыс әкімдігінде індетке қарсы жедел штабтың отырысы өткізілді. Штаб отырысын облыс әкімі Ғали Есқалиев ашты. Жиында сөз алған БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Арыспаев індет турасында облыстағы жағдай тұрақсыз екендігін баяндады.

321A4AEA-91BD-4C9C-B7AA-B803321C5B85

– Соңғы тәуліктерде 97 оқиға тіркелді. Бұл - соңғы 5 айдағы үлкен көрсеткіш. Биыл қаңтарда аурудың бағыты өсуде. Не бары 25 күннің ішінде 1269 оқиға тіркелді. Облыс бойынша ең көп оқиға Орал қаласында, 537 адам тіркелген. Сондай-ақ Бәйтерек, Бөрлі аудандарында тиісінше 251 және 193 адам тіркелді. Ақжайық, Жәнібек, Теректі, Шыңғырлау, Тасқала аудандарында да аурудың өту бағыты байқалуда. Ауру 19-25 қаңтар аралығында 37 пайызға өсті. Мұның өзі адамдардың санитарлық талаптарды сақтамауынан орын алуда. Аурулармен қарым-қатынаста болған 1920 адам медициналық бақылауда отыр. 25 қаңтардан бастап карантин енгізілуіне байланысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 80 пайызы онлайн режимге көшірілуі керек. Алайда бұл да өзінің тиісті дәрежесінде орындалмай отыр. Демалыс күндері үлкен сауда үйлері, базарлар жұмыс істемеуіне байланысты қаладағы қоғамдық көлікті 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында тоқтату жөнінде ұсыныс түсіремін, - деді ол. Бұдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Армат Қалибеков, ҚР денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры Сәбит Іскендіров,  облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева індетке байланысты тұрғындарды вакцинациялау, балалардың арасында аурудың таралуының алдын алу туралы хабарламалар жасады.

D328ECF9-C656-425B-8CF5-1A65DDFA0525

Жедел штаб отырысын облыс әкімі Ғали Есқалиев қорытындылады.

ED4C105E-C8EE-4682-B1B7-8F87E17E6D27

Бұл жөнінде толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале