18.03.2025, 12:00
Оқылды: 145

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі.

WhatsApp Image 2025-03-18 at 12.50.39

Сурет: gov.kz

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайын табыс табасыңдар деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚМА-де қаржылық пирамидаға тән белгілерді тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» телеграм-боты іске қосылды.

Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржылық пирамидамен бетпе-бет келсеңіздер, тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеу департаментіне жүгінуіңізді сұраймыз.

Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға өз жинақтарын салмауға шақырамыз.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале