22.05.2022, 19:39
Оқылды: 115

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен 6 адамның жағдайы орташа ауыр - ДСМ

Кешегі жарылыстан кейін Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, №2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілді. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында. Бұл туралы өңірде өткен баспасөз конференциясында ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

FEE3BB00-9974-4869-A5D1-FF5BE6152886

«Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шықтық. Екі пациенттің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа 6 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгімелесу жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Айтуынша, барлық жүкті әйелдер және жаңа туған нәрестелер ерекше бақылауға алынған. Ал, осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия жұмысқа кірісті.

«Ғимарат пен жабдыққа келтірілген залалды бағалауды, сондай-ақ жеке дәріханаларды тексеруді арнайы құрылған комиссия жүргізеді», - деді Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов.

1E7C5E5A-472F-4394-909A-768EEC1453AD

Еске салсақ, кеше Шымкенттегі №1 облыстық перинаталдық орталықтың жанында орналасқан жеке дәріхана ғимаратында жарылыс болды. Перзентхана ғимараты мен тұрғын үйге зақым келіп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Шымкенттегі жарылыстан күзетшімен қоса бір нәресте шетінегені мәлім болды. Мұнан соң жарылыстан үшінші адамның қайтыс болғаны хабарланды. Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл шаралар атқарылып жатқанын мәлім етті. Ажар Ғиният қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале