14.11.2022, 13:00
Оқылды: 18

Словенияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Наташа Пирц-Мусар Словениядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетті. Партиялық емес кандидат шамамен 54% дауыс жинаған. Ал демократиялық партияның өкілі Андже Логар 46% жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

2022_11_14_221114075022034e

Словения Премьер-Министрі Роберт Голлоб Пирц-Мусарды жеңісімен құттықтады. Ол оның жеңісін «демократияның негізгі элементтері құрметтелетін» елде өмір сүргісі келетін азаматтардың таңдауы деп атады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале