9.09.2022, 11:15
Оқылды: 179

Солтүстік Корея жауапты ядролық мемлекет деп жарияланды

Мұндай заңды мемлекет басшысы Ким Чен Ын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6dc6f790e2a447bb9bf81986711c33ba

Солтүстік Корея лидері ядролық қарусыздану бойынша келіссөздер жүргізуге ниетті емес екенін мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жаңа заңға сай Пхеньян өзіне қарсы қауіп төніп тұр деп есептесе, жауға ядролық соққы беруге құқылы.

 Бұған қоса, сырттан шабуыл жасалса, ядролық қаруын автоматты түрде қолдануға мүмкіндік алды.

Ким Чен Ын жер бетінде ядролық қару мен империализм сақталып, АҚШ пен оның одақтастарының Пхеньянға қарсы маневрлері тоқтамайынша, ядролық күштерді нығайту жұмыстары жалғасады деп мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале