12.05.2026, 14:30
Оқылды: 52

Соңғы 3 жылда фермерлер 70 мыңға жуық жаңа техника сатып алды, оның 90%-ы өзіміздің отандық өндірістен шыққан — Олжас Бектенов  

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және отандық машина жасаушыларды әрі қарай да қолдау қажеттігін баса айтты.

5195281317459858422

«Соңғы 3 жылда фермерлер 70 мыңға жуық жаңа техника сатып алды, оның 90%-ы өзіміздің отандық өндірістен шыққан. Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктері мен “Бәйтерек” холдингі жаңа техниканың үлесін арттыру жұмысын жалғастырсын. Өнім түрлері мен көлемін арттыру үшін отандық машина жасаушыларды әрі қарай да белсенді ынталандыру қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Өндірісті локализациялау деңгейін арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізудің маңыздылығына назар аударылды.
«Жуырда біз ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын әлемдік жетекші компаниялармен кооперацияны тереңдету, өндірісті локализациялау деңгейін арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізу бойынша келісімге қол қойдық. Барлық жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетсін», — деп атап өтті Премьер-министр.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале