5.09.2026, 11:00
Оқылды: 6

Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарындағы өндірістің көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті

Бұл туралы ҚР ДСМ хабарлайды. 

istockphoto-2230289904-2048x2048

Фото: istockphoto.com

Өндіріс көлемінің өсуі жалғасуда: 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 126,6 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға көп.

Бүгінде елімізде фармацевтикалық және медициналық өнім өндіретін 209 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді.
Отандық өнімнің заттай көрсеткіштердегі үлесі 40,3%-ға жетті.

Сегіз ірі жоба Қазақстанда алғаш рет 494-тен астам атаудағы дәрілік заттарды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қантамыр, аутоиммундық, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттар бар.

Нәтижесінде бұл пациенттер үшін қолжетімді дәрілік заттардың көбірек болуын және елдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруды білдіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале