9.08.2022, 15:16
Оқылды: 148

Сот үкімімен келіспейді

Тепсе темір үзетін жігіттердің артында аңырап балалары мен әйелдері қалды.

киік

Киік атып, мүйізін сатумен айналысты деген айыппен істі болған 11 азаматтың шаңырағында 51 бала тірі жетім қалып отыр.
Аталған қысмыстық іс 2020 жылы басталып, сот шешімі осы жылдың наурызында шыққан.
Бірақ, сотталған жігіттердің артында қалған әйелдері мен туыстары сот шешімімен толықтай келіспейді. Олар жақын-туыстарын жазықсыз сотталды деп санайды.
киік1
-2020 жылы үйде ұйықтап жатқан жерінен жолдасымды алып кетіп, қамауға алды. Отбасымызда алты бала-шаға тәрбиелеп отырған қарапайым отбасымыз. Биылғы жылдың наурызында жолдасымды жеті жыл үш айға соттады. Онымен қоймай 165 миллион теңге айыппұл салды. Өзім ауылдық мектепке кіші қызметкер болып жұмыс жасаймын.
Ондай қомақты ақшаны біз түгелі жеті ұрпағымыз да өтей алмайды ғо. Биылғы жылды Президентіміз биылғы жылды "Балалар жылы" деп атады. Біз де көп балалы отбасымыз. Соған қарамастан балаларымды тірі жетім қалдырып, жолдасымды соттап жіберді»,- дейді күйеуім жазықсыз сотталды деп санайтын Байғонақова Алтыншаш.

Қазір сот шешіміне апеляциялық шағым дайындалып жатыр. Сотталғандардың туыстары жоғары сотқа дейін барамыз деп мәлімдеді.
-Інім қалада жұмыс істейтін. Үйінен ақбөкеннің мүйізі табылды деп айыптады. Ол мүйізді бір танысы қалдырып кеткен. Ешқандай тексеріссіз кінәлі деп тауып, жаңағы топтың ішіне қосып жіберді. Інімнің еш кінәсі жоқ, нақақ отыр. Мен соттың шешімімен келіспеймін,-дейді Отаров Бейбіт есімді азамат.

Сотталған 11 азамат та Жаңақала ауданының тумалары.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале