25.01.2023, 15:30
Оқылды: 62

Спорт саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды жеделдету қажет - министр

Дене шынықтыру және спорт саласын дамыту тұжырымдамасын қабылдауды жеделдету қажет. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230125-WA0010

«Министрлік алдында бұқаралық спортты дамыту мен жоғары жетістіктері бар спорт түрлерін жетілдіруде ауқымды жұмыстар тұр. Қашанда батырын бағалаған, талантын тани білген, жас ұрпағының денсаулығына жүре қарамаған жұрт озады. Сондықтан, бүгінгі алқалы жиында айтылатын келесі міндеттерді өздеріңіздей ықпалды да ынтымақты қауыммен бірлесіп шешетінімізге сенімдімін», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті мәселелері мен оларды іске асыру тетіктері саланы дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасында айқындалған.

«Құжат жобасында Мемлекет басшысының тапсырмалары, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының барлық көрсеткіштері мен іс-шаралары интеграцияланған. Серік Маратұлы, сізге тұжырымдама жобасының әзірленуін аяқтауды және құжаттың қабылдануын жылдамдатуды тапсырамын», - деді Асхат Оралов Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевқа қарата.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале