19.01.2022, 10:30
Оқылды: 85

Sputnik-V не себепті ревакциналауға қолданылмайды

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ревакциналау үшін Sputnik-V вакцинасы неге қолданылмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

0B86BCAC-0012-49BD-AD1B-490490DA15AE

«Қазіргі уақытта бізде Sputnik-V бар және ол ревакциналау үшін қолданылмайды. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, онда екі түрлі компонент бар. Ревакциналау үшін «Спутник лайт» вакцинасы қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда СҚ-Фармация қоймаларына, яғни 4 өңірдегі дәрі-дәрмек хабтарына 150 мың доза «Спутник лайт» жеткізілді. Осы апта соңына дейін вакцина көлемі өңірлерге бөлініп, жеткізілетін болады. Әрине жеткізу уақыты ауа райына да тікелей байланысты болады. Осы апта соңына дейін вакцина өңірлерге жеткізіліп, ревакциналау үшін қолжетімді болады деп жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді А.Есмағамбетова тілші сұрағына.

Спикердің айтуынша, «Спутник лайт» Қазақстанда өндірілмеген, вакцинаның 150 мың дозасы ресейлік өндірушілен сатып алынған. «Алғашқы 150 мың доза ресейлік өндірушілен сатып алынды, өйткені дайын вакцинаны сатып алып, өңірлерге жеткізу бәрінен жылдам болды. Вакцинаны өз елімізде өндіру үшін оны әкелу керек, өндіру керек және барлық сертификаттық жұмыстарды жүргізу керек. Оған көп уақыт жұмсалар еді. «Спутник лайт» ревакциналауға қолжетімді болуы үшін 150 мың дозасы сатып алынды», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале