БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Су тасқыны қаупін азайту іс-шаралары орындалмай отыр – Үкімет басшысы

Өңірлерде су тасқынына дайындық толығымен қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230124-WA0006

«Бүгінде өңірлерде су тасқынына дайындық толығымен қамтамасыз етілмеген. Өткен жылы бұл мәселені сан мәрте айттық. Тек Үкімет отырысында үш рет – көктемде, жазда, күзде қарастырдық. Алдағы көктемде су тасқыны тәуекелдерін төмендету үшін аталған жол картасындағы іс-шараларды толық көлемде орындау қажеттігін бәріне ескерттік. Ұзақ уақыттан бері жекелеген жүйелі іс-шаралар қабылданбай келеді. Ел тұрғындарынан су тасқынынан қорғау іс-шараларының орындалмағаны туралы шағымдар үнемі түсіп жатыр. Соның салдарынан олардың үйлері, мүліктері мен малдары зардап шегуде. Мәселен, Ақмола облысының Қошқарбаев ауылында Нұра өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары қаржыланбаған. Ал ол жақта тасқын жылда жағалауды бұзып, су үйлерге жетеді. Алматы, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында су ағызу жүйелері нөсер жауын мен тасқынға төтеп бере алмай отыр», - деді Әлихан Смайылов.

Осыған орай Премьер-Министр барлық өңірдің әкіміне қарды дер уақытында шығаруды, оның ішінде ауылдық елді мекендерде де қамтамасыз ету қажеттігін ескертті. Арықтарды, кәріздерді тазартып, уақытша бөгеттер салуды тапсырды.

«Сонымен қатар өткен жылы аяқталмаған және осы жылға жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржы бөлу қажет. Өңір әкімдері жол картасы іс-шараларының сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, өткен жылдардағы жол картасындағы проблемалық мәселелерді шешуге міндетті. Әкімдер су тасқыны мәселесін жеке қатаң бақылауда ұстасын», - деді Үкімет басшысы.

Фото: primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале