5.04.2024, 16:00
Оқылды: 163

Су тасқынының екінші кезеңі басталды

БҚО төтенше жағдайлар департаменті алаңында су тасқынының жайын баяндаған Қалияр Айтмухамбетовтың мәліметіне сәйкес су тасқынының екінші кезеңі басталды. Көршілес Ресей Федерациясынан басталатын 5 трансшекаралық өзенде су деңгейі қатты көтерілген.

Тж су брифинг

Саратов облысы аумағында орналасқан Приузен су қоймасынан келетін судың көлемі секундына 550 (м3) текше метрге жеткен. Казталов және Жаңақала аудандарына баратын Үлкен өзеннің бойында алдын ала қабылданған шаралардың арқасында ондағы елді мекендерді су басуға жол берілмеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. Бүгінде судың деңгейі 440 см-ге төмендеген.

Орынбор облысының Ириклинск су қоймасынан, сонымен бірге Жайық өзеніне құятын ірі Сақмара, Илек, Шыңығырлау және кіші өзендерінен өте көп мөлшерде су жіберіліп, Жайық өзеніне құйылып жатыр. Шаған және Деркөл өзендерінде су қауіпті деңгейден асып, Жайық өзенімен бір мезгілде көтерілуі салдарынан Орал қаласына жақын орналасқан үйлерді, соның ішінде саяжай массивтерін су басып жатыр.

Шаған өзенінде тасқын судың биік шегі биыл 5 – 7 сәуірі кезеңінде күтілуде, күтілетін деңгейі 1330 см, судың ең жоғарғы шығысы 320 м3/сек. құрайды. Су басу тәуекелі аймағына кіретін Достық, Асан, Жалын, Садовое, Октябрьское, Макарова, Мичурино, Чувашинское, Зеленый сияқты Бәйтерек ауданының ауылдары және саяжай массивтері.

Қазіргі таңда Орал қаласы мен Бәйтерек, Теректі аудандарын су басу қаупі әлі де сейілген жоқ.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале