30.12.2021, 12:00
Оқылды: 86

Суданда алтын кенішіндегі апат 40 адамның өмірін қиып кетті

Суданда алтын кенішіндегі апат салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты. Бұл деректі Al Arabiya телеарнасы келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

36

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде құтқарушылар аман қалғандарды табу мақсатында іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұған дейін кен орнында 46 адам болғаны туралы хабарланған.

Жексенбі күні Батыс Кордофан штатындағы Эн-Нухуд ауданындағы Умм-Дарсая жеке меншік алтын кенішінде апат болған. Бірден бірнеше ұңғыма опырылып түскен, салдарынан жердің астында болған кеншілер жоғарыға шыға алмай қалған.

Бұл қазба орны бұрыннан бері апатты деп саналған. Қаңтарда жыныстардың опырылуынан төрт кенші қаза таапқан еді. Бұдан бұрын билік кеніште жұмыс жүргізуге тыйым салып, нысанға арнайы күзет қойған. Алайда шамамен екі ай бұрын күзет шахтадан кеткен кезде жұмысшылар қайтадан келіп, заңсыз алтын өндіруді жалғастырған.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале