8.08.2022, 11:30
Оқылды: 98

Сүйінші ! Сүйінші ! Сүйінші !

Қазақтың Темір Ханшайымы, Жайықтың батыр қызы Анель Сытдықова Лос-Анджелесте (АҚШ) жүзуден Санта-Каталина аралдарынан материкке дейін әлемдегі ең беделді марафондық қашықтықтың бірі Каталина бұғазын (Catalina Channel Swimming) тоқтамастан 19 сағат 18 минутта жүзіп өтті (шамамен 34 шақырым).

220808114554244e

Бұл туралы БҚО спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров мәлімдеді.

- Марафондық жүзу 4 тамыз күні сағат 23.00-де басталған. Бұл жерді Америкалық Ла-Манш деп те атайды. Судағы қиындықтың бірі, әрине судың салқындығы, қарсы ағыс толқыны, киттер, топ-тобымен жүзіп жүретін дельфиндер, кейде тіпті акулалар кездесіп қалуы да мүмкін.
Осы қиындықтың бәрінен қорықпай, қазақтың қайсар қызы Анель жеңіп шықты. Тіпті Санта-Каталина бұғазын кесіп өткен алғаш қазақстандық атанды.
Жүзу уақытында Анельді Bottom Scratcher қайығында 13 адамнан тұратын топ (төрешілер алқасы) қадағалап отырды. Екі тәуелсіз бақылаушы суда жүзудің барлық мәліметін жазып және ережелердің сақталуын қадағалаған, - деді Қаймен Есенаманұлы.

Айта кетейік, Анель Әлібекқызы 2019 жылы Ла-Манш бұғазын 38 шақырымды тоқтаусыз 15 сағат 15 минутта және биыл Манхеттендегі 20 көпірді айналып жүзіп 48 шақырымды бағындырған еді.

zhaikpress.kz

сурет Анель Әлібекқызының
жеке парақшасынан @sytdykova_anel

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале