14.06.2022, 9:30
Оқылды: 82

Сұрақ-жауап

Мақсот Берген, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі:

1 (3)

– Бұрын кеңес өкіметі кезінде медицина саласының үздік қызметкеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» деген атақ берілетін. Аталмыш  марапат бүгінде жоқ. Нақтырақ айтсақ, елімізде ешкімге табысталмайды. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев «Елімізде 260 мыңға жуық медицина қызметкері бар. Олар әрбір науқастың жанына шипа іздеп, күндіз-түні жұмыс істеп жүр. Дәрігерлер пандемия кезінде талай адамды өлім аузынан арашалап қалды. Шын мәнінде, дертіне дауа тапқан мыңдаған отандасымыз, бүкіл халқымыз ақ халатты абзал жандарға қарыздар. Сондықтан олар кез келген құрметке лайық» деп «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынған еді. Осы орайда аталмыш марапат қашаннан бастап беріледі?

Екінші сауалым, облыстағы медициналық мекемелерде, ауруханалар мен емханаларда жасы ұлғайған қариялардың денсаулығын үнемі бақылап отыратын кәсіби геронтолог мамандар жоқтың қасы. Осы орайда емханаларда геронтологиялық кабинеттер ашуға мүмкіндік бар ма?

Ажар Ғиният, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі:

IMG-20220614-WA0000

–  Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді. Ол жоба осы айда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында қаралды. Сол заң жобасында «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»  құрметті атағын беру мәселесі де бар. Бұл марапат білімді, білікті, тәжірибелі дәрігерлерге келесі жылдан бастап беріледі. Сондай-ақ аталмыш атақты алған медицина қызметкеріне 3 миллион теңге ынталандыру сыйақысы да қоса табысталады.

Екінші сауалыңызға тоқталсақ, емхана мен ауруханаларда биылдан бастап геронтолог маманға арнайы штат ашамыз.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале