27.08.2026, 16:00
Оқылды: 8

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары талқыланды

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде білім саласындағы сыртқы талдау қорытындылары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
 785364102_1527675432719752_5389641808240186368_n
Білім беру саласындағы сыртқы талдау нәтижесінде ұсынылған шаралардың орындалу барысы назарға алынды. Тәуекелдердің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу, биометриялық жүйелерді кезең-кезеңімен енгізу, сондай-ақ мектеп асханаларының жалға берілген аумағын нақтылап, шарттарды нақты пайдаланылатын көлемге сәйкестендіру міндеттері белгіленді.
788213055_936996242784563_8400507857189316363_n — копия
Мемлекеттік қызметтегі әдеп пен заңнама талаптарының сақталуына ерекше мән берілді. Мүдделер қақтығысына жол бермеу, кадрлық шешімдер қабылдау кезінде заң талаптарын сақтау және мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
788213055_936996242784563_8400507857189316363_n
Мемлекеттік сатып алу бағытында бәсекелестікті арттыру, жоспарлау сапасын жақсарту және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу кезінде ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері көтерілді. Сатып алу рәсімдеріндегі тәуекелдерді тұрақты бағалау және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру бойынша жауапты органдарға нақты міндеттер жүктелді.
787451565_2948427981994262_447323228829866525_n
Жиын қорытындысында мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған жұмысты күшейтіп, белгіленген шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале