20.03.2018, 15:13
Оқылды: 69

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жолдары талқыланды  

 

IMG_6341ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында дөңгелек үстел өтті.


 

Облыстық инспекция басшысы Лавр Хайретдинов төрағалық еткен жиында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарынан туындайтын мәселелер айтылып, сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылықтарға жол бермеу жолдары талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде баяндаған облыстық аумақтық инспекцияның кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі Темірлан Теміралиев бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүріп жатырғандығын айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен тығыз байланысты жеке және заңды тұлғалар арасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету және оларды сала бойынша ақпараттандыру мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ресми интернет-ресурстары және Facebook әлеуметтік желідегі парақшасы ашылып, салаға қатысты ақпараттар кеңінен жариялануда. Инспекциясының ресми интернет-ресурсында  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке блогын ашу жоспарланып отыр», - деді Темірлан Махметжанұлы. - Пара алған да, пара берген тұлға да жауапкершілікке тартылады. Яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлға ҚР «Әкімшілік құық бұзушылық туралы» кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес дүние мүлкі тәркіленіп, 15 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаға тартылады.

ҚР Мемлекеттік істер министрлігінің БҚО бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының  басшысы Біржан Хайруллин жемқорлықтың салдарын және бұл «індеттің» алдын алу жолдарын нақты мысалдармен баяндады. Оның айтуынша, облыста өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 12 қылмыстық іс тіркелген. Оның бір дерегі ғана пара алуға қатысты болса, қалған жағдайларда қызметін асыра пайдалану немесе қызметіне салғырт қарау фактілері орын алған. Баяндамашы сыбайлас жемқорлықты тек мемлекеттік қызметтегілер ғана емес, жеке адамдар да жасайтынын атап өтті.

Дөңгелек үстелде сондай-ақ «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің уәкілі Альфия Карибаева, өсімдіктер карантині және ФББ жөніндегі мемлкеттік инспекция бөлімінің басшысы Жасұлан Ешмуханов, БҚО прокуратурасының құқықтық басқармасының прокуроры Айгүл Ниталиева баяндама жасады. Қаралған мәселелер бойынша хаттамалық шешім қабылданды.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале