20.04.2022, 15:15
Оқылды: 78

Сыртқа шамамен 1 млрд долларды заңсыз шығарудың сегіз фактісі тексерілуде - Жамаубаев

Қаражатты сыртқа заңсыз шығарудың 8 фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тішілер министрден Қазақстан аумағынан шығарылған 100 млрд долларға қатысты сұрақ қойды.

«100 млрд туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда 100 млрд-тың барлығы жымқыру жолымен немесе заңсыз алып кетті дегенді білдірмейді. Жалпы, экономикада транзакциялар, импорттық әрі экспорттық операциялар болатынын білесіздер. Сол операциялар қаржы ағыны, яғни бұлардың барлығын бірдей заңсыз жолмен шығарылған немесе келіп жатқан қаражат емес», - деді Е. Жамаубаев.

Осы орайда ол бұл салада заң бұзушылықтарға жол берілсе, бұл фактілер Қаржылық мониториг агенттігіне жіберілетінін айтты.

«Осындай 8 факті анықталып, Қаржы министрлігі тарапынан жауапты агенттікке мәліметтер жіберілді. Бұл қаражат 400 млрд теңге шамасында (1 млрд АҚШ долларына жуық). Екінші тетікке тоқталсақ, Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге арнайы топ құрды. Бұл топтың жұмысы жалғасып жатыр. Осы бағытта да бірнеше факті анықталды, яғни сонда 1 млрд АҚШ доллары сыртқа заңсыз шығарылады деген мәлімет бар. Бұл фактілер бойынша нақты ақпарат бере алмаймын, себебі оны жауапты құқық қорғау органдары жариялайды. Осы орайда құпиялық мәселелерді ескеру керек», - министр.

Еске салсақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале