20.02.2021, 22:30
Оқылды: 636

Сырым музейіндегі сирек кітаптар

Кітаптардың да қилы тарихы, тағдыры бар. Сирек кездесетін баспа кітаптар кез-келген музейдің құнды дүниесі. Сырым Датұлы музейінде бірнеше тарихи  кезеңдерді қамтитын көне кітаптар да жоқ емес. Олардың қатарында бірнеше Құран кітап бар. Олардың көбі өткен ғасырдың бас жағында Қазан баспасынан шыққандар. Сонымен қатар А.К.Бочаговтың Алаш автономиясы жөнінде, Алашорда үкіметі туралы нақты құжаттар негізінде жазылған «Алаш-Орда» атты шағын жинағы бар. Кітап 1927 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген. Музей қорына тапсырған жергілікті өлкетанушы жерлес тарихшы ағамыз Жайсаң Досболатұлы Ақбай болатын.

photo5228840091668033811

Сонымен қатар Н.Е.Бекмаханованың «Легенда о невидимке» кітабы музей қорындағы құнды жәдігерлердің бірі. Ол 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысқан қазақтар туралы баяндайды, кітапты музейімізге Бөкейорда ауданының тумасы  Хайретдинов Лавр Рашидұлы тапсырған болатын.  Кітап 1968 жылы Алматы қаласында «Қазақстан» баспасында жарық көрген.

Одан бөлек М.Қойгелдиевтің Алашорда жетекшілерімен мүшелері және отбасыларының суреттерін жинақтаған «Алашорда» атты топтамасы музей қорында ғана кездесетін кітаптардың бірі. Авторлардың қолтаңбасымен берілген көптеген Алашорда тарихына қатысты, Сырым Датұлының өмірі мен шығармашылығына арналған жинақтардың бәрі де музейдің сирек кітаптар қорына айналуда. Қолжазбалар мен хаттар секілді әр кітаптың айтары бар – кез-келген ұстазға, студенттер мен ғылыми жұмыспен айналысушыларға мәлімет беретін құнды  дереккөз. Олай болса біздің музейіміздегі кітаптарды сізде өз игілігіңізге жарата аласыз.

Тлеген Отарбаев,

Сырым Датұлы атындағы

тарихи-өлкетану музейінің

 экскурсоводы

photo5226588291854348799

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале