
Фото: БҚО ПД ұсынды
Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің баспасөз орталығы хабарлайды:
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жылдамдық режимін сақтау талаптарын бақылауды күшейту мақсатында Сырым және Бәйтерек аудандарының әрқайсысына 5 данадан «EkinBoxSpotter» кешендері орнатылды және 18 сәуір күні сағат 00:00-ден бастап іске қосылады.
Аталған кешендер автоматты режимде жұмыс істейді. Олар көлік құралдарының жылдамдықты асыруын, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 31-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын бұзу фактілерін тіркейді. Құқық бұзушылықтар туралы ақпарат «ӘҚББТ» базасына жіберіледі.
Сондай-ақ 5.42 «Фото-бейнетіркеу» жол белгісін орнату қарастырылмағанын есіңізге саламыз.
Полиция департаменті Сіздерді Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларын сақтауға, сондай-ақ жолда абай болуға шақырады.
Орнату мекенжайлары: (Сырым ауданы):
«Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы (Сырым шекара пункті)» автожолы, Жымпиты ауылы, Сырым Датұлы көшесі, 122-үй.
Жымпиты ауылы, Сейфуллин – Қаратаев көшелерінің қиылысы, Сейфуллин көшесі, 29/2-үй.
Жымпиты ауылы, Алашорда көшесі, С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайы.
«Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы (Сырым пункті)» автожолы, Өлеңті ауылдық округіне бұрылыс, «Жарқын» кафесі маңы.
Жымпиты ауылы, «Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы (Сырым шекара пункті)» автожолы, 391-шақырым, батыс бағытта.
Орнату мекенжайлары (Бәйтерек ауданы):
Бәйтерек ауданы, Щапово ауылының қарсы беті, «Атырау–Орал» автожолы, 473/27–474/26 (E121).
Бәйтерек ауданы, Үлкен Шаған ауылдық округі маңы, «Атырау–Орал» автожолы, 460/45–461/39 (E121).
Бәйтерек ауданы, Белес ауылдық округі, Абай көшесі, 33/8 үйдің қарсы беті.
Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі маңы, «Атырау–Орал» автожолы, 455/45–456/44 (E121).
Бәйтерек ауданы, «Орал–Кирсанов» автожолы, 7-шақырым, Байқоныс ауылдық округі маңы.